Подпишись на новости Times kz!
Айс
USD 334.31 RUB 5.31 EUR 355.17

Ұрпағын ойлаған екпеден бас тартпайды

Ұрпағын ойлаған екпеден бас тартпайды

Адам – мемлекеттің басты капиталы, яғни байлығы , болашағы, күш – қуаты, тірегі, ғұмыры.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 156 – бабының 1 – тармағында « Республикамыздың аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі шеңберінде жұқпалы және паразиттік ауруларға профилактикалық егуге міндетті» деп көрсетілген.

Адам ағзасының ауруға қарсы күресу қабілетін – ИММУНИТЕТ деп атайды. Иммунитет көтеру – инфекциямен күресудің аса тиімді әрі қол жетімді шаралары болып табылады, оның бірден бір негізі – ВАКЦИНАЦИЯ.

Вакцинация – белгілі бір инфекцияны жоюға бағытталған, микроорганизмдерден жасалатын препарат. Өндірісте вакцинаны зиянды инфекциялардан қорғайтын қасиетін сақтай отырып, артық және зиянды заттардан тазартады. Олар осылайша өте қатаң тексерулерден кейін ғана шығарылады. Препараттардың қауіпсіздігін, зиянсыздығын және тиімділігін тексеру үшін лабораториялық, клиникалық тексерулерден өткізіледі. Сонымен қатар өндірісте өндіріліп жатқан препараттардың әрбір партиясы қатаң бақылауға алынады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық егу күнтізбесінде көрсетілген полиомиелит, дифтерия (күл), сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А,В гепатиті, туберкулез, гемофильді инфекция, пневмококқа барлығы 21 жұқпаға қарсы иммундау жүргізіледі. Ең алғаш екпе туылған сәттен бастап 1-4 күн аралығында салына бастайды. Балаларды жиі- жиі әурелемеу үшін, әрі егу жүргізуді оңтайландыру мақсатында, бірнеше ауруларға қарсы тек бір ғана екпе жасалады. Мәселен, бала екі айға толғанда жасалатын көкжөтел, полиомелит, тырысқақ, сіреспеге қарсы екпенің құрамында қазір 6 компонент бар, яғни бұл екпенің (комбинирленген) аралас түрі болып саналады. Тағы бір назар аударарлық мәселе, кез келген вакцинациядан кейін баланың ағзасы оған өтпелі реакциямен жауап қайтарады. Себебі бұл мерзім ішінде ағзаны инфекциядан қорғайтын күш жинақтау керек. Бөгде зат енген денеде міндетті түрде әртүрлі реакциялар орын алатыны анық. Алайда мұндай реакциялардың зардаптары инфекциялардың зиянымен салыстырғанда түк емес. Ағзаға егудің нәтижесінде болатын реациялар барынша тез әрі жеңіл өтеді және бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Соңғы жылдары ата-аналарды «балаларға алдын ала егу қажет пе?» деген саулдар мазалайды. Біздің бұған айтарымыз, әрине, егуден бас тарту дұрыс емес. Бұдан сандаған ғасырлар бұрын адамзат өміріне ең үлкен қауіп төндіріп келе жатқан жұқпалы аурулардын миллиондаған халықтың жанын қиғаны тарихтан белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай иммундау, яғни екпе қолға алынған кезеңге дейін жыл сайын шешек ауруынан 5 миллион адамның көз жұмып келгенін айтады. Бір қарағанда құлаққа жеңіл естілетін қызылша ауруынан жылына 140 миллион адам шалдығып, 7 миллионға дейін сәбилер ажал шеңгеліне ілігіп отырыпты. Міне, осындай қорқынышты цифрларды азайту бүгінде тек қана жаппай міндетті екпенің енгізілуі арқылы мүмкін болып отыр. Сол себепті, егуден бас тартып, құндақтағы сәбиін өлім аузына итермелеп жүрген ата –аналарға жоғарыдағы деректерді ескерсе екен дейміз. Әйтеке би ауданы бойынша егуден бас тартқан ата – аналар 2012 жылдан бастап тіркелген болатын. Қазіргі таңда ауданымызда екпе алмаған 6 бала болса, оның ішінде 5 бала бірде –бір вакцина алмаған.

Сөз соңында қоғам мүшелерінің жадында жүрсін деген мақсатпен «Сіздің балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда! Өзіңіздің балаңызға екпелерді уақытында алуға және біздің еліміздің дені сау азаматы болуына көмектесіңіз» дегім келеді.

Ұрпағын ойлаған екпеден бас тартпайды

Орындаған: Оспанова А.Т.
Әйтеке би АОА дәрігер – эпидемиолог
Нашли ошибку? Выделите слово и нажмите Ctrl+Enter

Комментарии

Читайте также

Казахстанские ученые нашли эликсир молодости

09:14

Назван простой способ продления жизни

14:08

Математики доказали неизбежность кесарева сечения для человека

12:05
Азпп
Наверх