
Тараз қаласында өткен жарыста Ақтөбе облысының «Олимпиада резервін даярлау орталығының» спортшылары жүлделі 1 алтын және 1 қолаға ие болды. Сейтжан Рахат бірнеше қарсыласпен шығып 1 орынды иеленсе, Қартпаев Қанағат ақтық сайыста ұтылып, 3 орынды қанжығасына байлады. Спортшыларымызға алдағы уақытта денсаулық, қажымас қайрат, биік белестерге жете берулеріне тілектеспіз!
Ізгі тілекпен «Олимпиада резервін даярлау орталығы»