USD 335.71 RUB 5.23 EUR 357.36

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі, қазағымыздың абыройы мен ар – намысын қорғап, мерейімізді үстем ете білген жанның бірі

Әміртай Жамалұлы!


Әміртай Жамалұлы 1939 жылдың 1 қаңтарында Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылдар аралығында Сталин атындағы орта білім беретін мектепте тәлім алған. 1959 жылы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, 1961 жылы аталмыш училищені тәмамдады. Сол кездері спортқа деген қызығушылығы артып, күреспен шұғылданып, ден коя бастайды. Алғашқы жаттықтырушысы Жалмағанбетов Аманғостың ұсыныс жасауымен 1961 жылы Алматы қаласының мемлекеттік институтына «денешынықтыру» мамандығына оқуға түседі. Институт қабырғасында оқып жүрген Әміртай Жамалұлы өзін тек жақсы қырынан көрсете бастайды. Осы жылдары Грузияның Тбилиси қаласында өткен жарыста І орынға, ие болды.3 курстың орта белінде Калининград қаласына әскер қатарына шақырылады. Әскери борышын өтеп жүрген кезеңде де, курес жарыстарына белсене катысып 1965 жылы «Все Союзные» ойынына катысты.Рига қаласында өткен жарыстарда «Чемпион Прибалтики», «Чемпион общества Даугова» атақтарына ие болады. Аталған атақтарға қол жеткізу екінің бірі жете бермейтін биік жетістік болатын. Сол жылы «КСРО спорт шебері» атағын қорғап шығады. 1966 жылы Отан алдындағы борышын адал атқарып келіп, жоғарғы оқу орнын әрі қарай жалғастырып, 1968 жылы аяқтады. Сол жылы №4 спорт мектебіміздің іргесін қалауға зор үлесін қосып, еңбек жолын еркін куресінің жаттықтырушысы және оқу- ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Еңбек жолының басынан-ақ ұжымы мен шәкірттерінің алдында зор беделге ие болып, талмай еңбек етіп тер төкті. Төккен тері өз жемісін берді. Еңбек еткен жылдары көптеген марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасының оқу-ісі үздігі атағымен марапатталды. Ардақты ұстазымыз көптеген спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарды, атап айтсақ, КСРО спорт шебері - Поберухин Александр , КСРО спорт шебері - Сакаев Владимир, КСРО спорт шебері - Тажниязов Оңғарсын, ағайынды Ділмағамбетовтер – Шоқан, Дархан, Арслан және Яков Мельник.
Әміртай Жамалұлы 37 жыл осы мектепте толассыз еңбек етіп, зейнеткерлікке шығып, үлгі тұтар тұлға болды.
Сіз, артына адастырмайтын із, бағыт – бағдар беретін жол қалдырған парасатты мол азаматсыз! Осынау мерейлі күні деніңізге саулық отбасыңызға бақ пен береке әулиетіңізге амандық тілейміз.

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі

Спорт әлеміндегі өзіндік тұлғасы қалыптасқан азаматтың бірі
Нашли ошибку? Выделите слово и нажмите Ctrl+Enter

Комментарии

Читайте также

Алматинцы записали видео страшного потопа на рынке

09:14

Автомобилистов без знака «Ш» в Актобе ждут штрафы

09:24

Внутри звезд допустили существование жизни

09:10

Число жертв при пожаре на вечеринке в США достигло 30 человек

09:15

23-летнего актюбинца отправили в колонию за видео из Интернета

09:19

Ренци объявил об отставке с поста премьер-министра Италии

09:12
Азпп
Наверх